«Астана Балет» театрының өнерпаздары Баку көрермендерін тәнті етті

Бакулық көрермендерге түрлі стильдегі нөмірлерден құралған «Шығыс рапсодиясы» концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Бағдарламада әлемдік музыкалық классиканың жауһарына айналған Николай Римский-Корсаков, Гар Гараев пен Александр Бородиннің музыкасына қойылған қойылымдар, сонымен қатар «Құс жолы», «Қыз Жібек», «Қазақ вальсі» және т.б. ұлттық хореографиялық композициялар болды. Осындай қызықты шығармашылық жобалары арқылы аталмыш театр ұжымы көпшілік көрерменнің көңілінен шықты.


Айта кетейік, «Астана Балет» ұжымы Бейжің, Шанхай, Париж, Вена, Мәскеу, Санкт-Петербор және Сеулдың үздік сахналарында өнер көрсеткен.