Ал 17 мамырда ұжым қазақстандық жұлдыздармен бірге гала-концертке қатысады. Сондай-ақ 18 мамырда ұжым жеке концерт береді.
Қала тұрғындары мен қонақтарына қазақтың халықтық би дәстүрін, әлем халықтарының би өнерін, орыс классиктерінің танымал үлгілерін бейнелейтін, сонымен қатар халық билерінің және қазіргі билердің классикалық дәстүрін және заманауи үрдісін біріктіретін қазіргі заманғы қойылымдарды хореографиялық нәзіктіктің негізіндегі «Шығыс рапсодия» атты концерттік бағдарламасын ұсынады. Бұл бағдарлама көрермендерді Шығыстың жұмбақ әлеміне жетелеп, хореографиядан бастап музыкалық сүйемелдеу, киімдері және сахналық бейнелері біртұтас элементке айналатын ұмытылмас әсер қалдыратындығы сөзсіз.