«Астана» баскетбол клубы Қазақстан кубогы Ұлттық лигасының турнирінде жеңіліссіз келеді

Кеше елордада ақтаулық командамен кездескен итальяндық Маттео Бончиоллидің шәкірттері 94:60 есебімен жеңіске жетті. Есте болса, 1 күн бұрын «Астана» командасы «Атырау-2» клубын 122:55, ал 18 желтоқсан күні қостанайлық «Тоболды» 83:63 есебімен жеңген болатын.

22 желтоқсанға дейін жалғасатын, ел Тәуелсіздің 20 жылдығына арналған ерлер командасы арасындағы жарысқа елорданың «Астана», қостанайлық «Тобыл», ақтаулық «Каспий», атыраулық «Барыс» пен «Атырау-2» командалары қатысуда.