Астана базарында кілемдер дүңгіршегі өртенді


ТЖ кеше Астананың орталық базарының аумағында кеше 17:18 кезінде орын алды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 25 өрт сөндіруші мен 4 техника жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 60 шаршы метрді құрады.

ТЖМ ақпараты бойынша, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттен болған залал көлемі әзірге белгісіз.