Қақтығыстың видеосын куәгерлер жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер 13 қазанда базардағы қақтығыстың алдын алғанын хабарлады. "13 қазанда Шарын базарында екі күзет қызметінің күзетшілері арасында дау шықты. Астана қалалық ІІД-не шаммен күндізгі сағат 12-де хабарлама келіп түсті. Шамамен он адам аумақтық ІІБ-не жеткізілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 252-бабы бойынша ("Жекеше күзет қызметтерi қызметшiлерiнiң өкiлеттiктерiн асыра пайдалануы) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ІІД өкілдері.