"Астана" бірінші рет Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты

Бірінші таймның 38-минутында "Астананың" босниялық қорғаушысы Марин Аничич қарсыластар қақпасына гол салды. Италиялық төреші Давиде Масса голды бірдее емес, көмекшілерімен кеңескеннен кейін ғана есепке алды.

"Астананың" 1/16 финалдағы қарсыласы 11 желтоқсанда Ньонда (Швейцария) жеребе тартуда анықталады.