Астана бойынша қоршаған ортаны қорғау басқармасы электронды есеп беру жүйесіне көшеді

"1- қазаннан бастап біз электронды есеп жүйесін енгіземіз",-дейді М.Рахымбергенов.

"Қоршаған ортаны пайдаланушыға мұнда келіп кезекте тұрудың қажеті болмайды. Ол электронды пошта арқылы өзінің есебін жіберсе, біз электронды түрде қол қойып, бекітіп, қайта жібереміз",-дейді басқарма бастығы.

Сондай- ақ , М.Рахымбергеновтың мәліметі бойынша, 2006- жылдың 1-шілдесінен бастап басқармаға есеп құжаттарын және төлемдерді қабылдауға ыңғайлы "бір терезе" жүйесі енгізілген.