Бұған компания шабандоздарына қатысты туындап отырған допинг дауы түрткі болып отыр, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.
«Astana Continental Team» командасының жұмысы уақытша тоқтатылды. Команданың бас менеджері Дмитрий Седун қызметтен шеттетілді», - делінген хабарламада.
Сәрсенбі күні Халықаралық велоспорт федерациясы Astana Proteam командасының мүшесі Артур Федосеевтің 16-тамызда Францияда өткен «Тур де Л'Айн» көпкүндігі кезінде алынған допинг-сынамадан өте алмай қалғанын мәлімдеген болатын. Ағзасынан анаболистік стероидтер табылған 20 жастағы спортшы жарыстан шеттетілді.
Осымен үш айда команданың бес мүшесі допинг дауына кезігіп отыр. Бұған дейін Виктор Окишев, Илья Давиденок мен ағайынды Максим және Валентин Иглинскийлердің допинг пайдаланғаны белгілі болған-ды.