Форумға алыс және жақын шетелдің 40 елінен экономист-ғалымдар мен көрнекті қоғам қайраткерлері қатысуда.
Шара аясында мынадай бағыттарда секциялар жұмысы жоспарланған: жаһандану жағдайындағы елдердің экономикалық интеграциясы; жаһандану жағдайындағы макроэкономикалық реттеу; Еуразиялық кеңістік елдерінің ғаламдық бәсекелестік қабілеті.
Жуырда ғана ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі мен Экономикалық зерттеулер институты Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубының құрылтай жиналысын өткізді.
Құрылтайшылар алдында Еуразия құрлығының Қазақстан, Ресей Федерациясы, Украина, Қырғызстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Армения, Тәжікстан, Молдова, Эстония, Венгрия, Германия секілді 11 елінің жетекші ғылыми ұйымдарының өкілдері сөз алды.
Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубының мақсаты - экономикалық даму мәселелерін шешу үшін бұқара өкілдерінің, экономист-ғалымдар мен практиктердің күш-жігерін біріктіру, әлемдік қоғамдастықтың экономикалық және әлеуметтік ілгерілеушілігіне қолдау көрсету, макро эәне микродеңгейде жан жақты пікір алмасуға, тәжірибе алмасуға және біліктілік алмасуға жағдай жасау.