Астана экономикалық форумы Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық процесстерді нығайтуға септігін тигізеді - Назарбаев

"Бұл форум қазіргі экономиканың кең көлемді мәселелер топтамасы бойынша пікір алмасуға арналған кеңінен танымал әрі пайдалы диалог алаңы болатынына сенімдімін. Астана экономикалық форумы Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық процесстерді одан әрі нығайтуға, экономикалық дамудың шешуші мәселелерін талқылауды қамтамасыз етуге, әлемде бар қатерлерге лайықты жауап дайындау үшін жетекші ғалымдар шоғырын жасақтауға септігін тигізеді", - делінген Н. Назарбаевтың жолдау сөзінде.

"Форум аясында нақты мәселелерді талқылау Еуразия өңірінің экономика және қауіпсіздік саласындағы өзекті проблемаларды шешудегі ролін нығайтады деп ойлаймын. Бұл форумды Қазақстанда өткізу ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа негіз қалайды деп сенемін, қатысушыларға табыс пен жемісті жұмыс тілеймін", -делінген құжатта.