Әбу-Дабидегі Қазақстан Елшілігінің хабарлауынша, соңғы бірнеше жылда Біріккен Араб Әмірлігі халықаралық елеулі оқиғаға айналған Астана экономикалық форумының жұмысына қатысып келеді.
Астана форумы Қазақстан мен Әмірлік арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуде қолайлы пікір алмасу алаңына айналды. БАӘ-де ҚР Елшісі Қайрат Лама Шәріппен өткен кездесуде әмірлік делегациясының басшысы, осы елдің қоршаған орта және су ресурстары министрі Рашид Ахмед бен Фахд қазақстандық тараппен қоршаған ортаны қорғау саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға дайын екіндігін мәлімдеді.
БАӘ орталық банкі төрағасының орынбасары Саид әл-Хамид өз кезегінде ҚР Ұлттық банкінің басшылығымен ынтымақтасудың өзара қызығушылықтарына байланысты мәселелерді қарастырмақ.
Ал БАӘ энергетика министрінің орынбасары Фатима аш-Шамси мен «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ басқарма төрағасы А.Зейнуллин келіссөздерінің арасындағы басты тақырыптар - Президент Н.Назарбаевтың ауқымды энергоэкологиялық стратегиясы мен «жасыл көпір» бойынша бастамаларын бірлесіп жүзеге асыру, сонымен бірге БАӘ-нің жаңартылған энергия көздері саласында «Парасат» жобаларына қатысу перспективалары.
Әмірлік делегациясының құрамына сонымен бірге БАӘ СІМ энергетика және климаттың өзгеруі департаментінің директоры, доктор Тани Ахмед аз-Зиюти мен Астана саммитінің әлемдік энергетика жетекшілерінің спикерлерінің бірі болып табылатын атом энергетикасы корпорациясының президенті Мұхаммед әл-Хаммад кірді.
Астана экономикалық форумында Әмірліктің «ІРІС» инвестициялық компаниясын бизнесті дамыту менеджерлері Мұхаммед әл-Камзи мен Абдалла ас-Суэйди таныстырады. Айта кету керек, «ІРІС» компаниясы «Фаллах» бірлескен инвестициялық қорының құрылтайшысы болып табылады. БАӘ инвесторларынан тартылған қаржы көлемі 500 млн. АҚШ долларын құрады.
Бүгінгі таңда қор еліміздегі көлемді екі келісімді инвестициялады. Олар - Қарағанды қаласындағы ЖЭС-3 әлеуетін кеңейту және Алматы облысындағы құс фабрикасын дамыту.
Қазіргі таңда ҚР агроөнеркәсіп кешенінің зор әлеуеті әмірліктің мемлекеттік және жекеменшік компанияларының қызығушылығын тудырды. 2015 жылы екіжақты сауда катализаторы Түркіменстан, Иран арқылы Әмірліктің ірі теңіз порттарына дейін жететін «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің катализаторы ретінде қатыспақ. АЭФ жұмысының аясында Әмірліктің еркін экономикалық аймағының бас менеджері Аджман Махмұд әл-Хашеми әлеуетті қазақстандық әріптестерімен логистика бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруда байланыс орнатуға ниетті.