«ASTANA» экшн-фильмдер кинофестивалі: сценарийлер конкурсының жеңімпаздары аталды

«Финалға шыққан бес сценарий Тимур Бекмамбетовпен фильм түсіру құқығы үшін таласады», - деп мәлім етті сәрсенбі күні баспасөз мәслихатында бас директор Ирэн Ванидовская.

«Жартылай финалға шыққан жеңімпаздардың есімдерін бүгін таңғы сағат 7-де білдік: Апат Нахмет, Рустам Мұхит, Ғалия Байжанова, Виталий Кистанов, Ержан Есімханов, Бақтияр Қадыров, Эльман Сулейманов, Александр Қасымбаев», - деді ол.

Оның айтуынша, сценаристердің өздері конкурста жеңіске жеткендерін білмейді.

«Әлі бір де бір адам білмейді, жеңімпаздар да. Олардың есімдерін атасаңыздар, олар бақытты болады», - деді
И. Ванидовская.

И. Ванидовская жеңімпаз атанған 5 сценарийдің бір де біреуіне тоқталған жоқ.

Оның ақпаратына сәйкес, конкурсқа 630 сценарий қабылданды, 132-сі бастапқы іріктеуден өтіп, оның 98-і конкурстың талаптарына толығымен сәйкес келеді деп танылды.

«ASTANA» экшн-фильмдер кинофестивалі1-5 шілде аралығында өтеді. Оған АҚШ, Еуропа, Азия, ТМД елдерінің 20 толықметражды картинасы қатысады. Кинотуындыларды «Хан Шатыр» көңіл көтеру орталығында көрсету жоспарланған.

«ASTANA» халықаралық экшн-фильмдер кинофестивалінің президенті - Тимур Бекмамбетов.

Біріншікинофестиваль 2010 жылы өтті.