«Астана ЭКСПО-2017» ҰК құрылыс жөніндегі экс-басқарушы директорын тұтқындау мерзімі ұзартылды

деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

Астана қаласындағы №2 Алматы ауданының соты прокурор қолдаған тергеушінің ҚР  Қылмыстық кодексінің 4-бөлімі, 176-бабы, б тармағында көзделген қылмыстарды (Сенім тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемдену немесе талан-таражға салу) жасауға  күдікті Суламбек Баркинхоевке қатысты бұлтартпау шарасын ұзарту туралы қолдаухатын қанағаттандырды.

Қамауда ұстау түріндегі  бұлтартпау шарасының мерзімі 3 айға дейін, яғни, 2015 жылғы 17 қыркүйекке дейін ұзартылды.