Астана EXPO ашылуына Голливуд жұлдыздарын шақыра ма?

"Қандай әртістерді шақырамыз, кімді шақырмаймыз, Голливудтан шақырамыз ба, әлде Ди Каприо келеді ме, басқалар ма, бұл әзір шешілмеген мәселе", деді "Астана Экспо-2017" ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Талғат Ермегияев журналистерге сейсенбіде Астанада.

Оның айтуынша, алдымен ондай шараға атақтыларды шақыру орындылығын есептеу керек.

"Біз кірісті есептеп көреміз. Табыс болса, шақырамыз, болмаса шақырмаймыз. Біздің міндет, 283 миллионды қайтару. Ол сома ойдағыдай шығып жатса, неге шақырмасқа? Бұл мәселені пысықтаудамыз. Мәселе 2016 жылы шешіледі", деді ол.