Vesti.kz хабарлағандай, астаналық клубтың қатысуымен өткен жолдастық кездесу бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты өтпей қалған болатын.
Ақыры өткен ойында елордалық футболшылар 2:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. Гол авторлары Танат Нөсербаев пен Филип Ивановски болды.
«Астана» ойынды келесі құрамда өткізді: Эрич (Төлебаев), Горячий (Халезов), Дмитренко, Нұрдәулетов, Киров, Кояшевич (Қонысбаев), Шахметов, Коробкин, Кетевоама (Хайруллин), Остапенко (Ивановски), Нөсербаев (Гридин). Команданың жаттығу-жиыны 19 қаңтарға дейін жалғасады. Алдағы уақытта командада тағы бір матч жоспарланған.