«Астана» футбол клубының қосалқы құрамының Бас бапкері өзгерді

Қазіргі таңда қосалқы құрамдар арасында астаналықтар 9 ұпаймен турнир кестесінде 13-орында келеді В. Глевичтің жетекшілігімен былтыр олар қола жүлдегер атанған болатын.

Астаналық команданың тізгіні Игорь Свечниковтың қолына өтті. 50 жасар бас бапкердің есімі жанкүйерлерге етене таныс. 18 жыл бойы жергілікті команданың ойыншысы болған ол, 1997 жылдан бері бапкерлік қызметке ауысқан болатын. Ол әр жылдары астаналықтардың қосалқы және негізгі құрамдарында, сондай-ақ Талдықорғаның «Жетісу» мен Көкшетаудың «Оқжетпес» командаларының бапкерлер штабында жұмыс жасады. Талдықорғандық аяқдопшылар Премьер-лигада өнер көрсеткен кезде бас бапкері болған болатын.