Астаналықтардың баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, ойын Игорь Свеников жаттықтыратын астаналықтардың оқу-жаттығу жиыны аясында өтті. Онда «жетісайлықтар» кездесудің алғашқы жартысында бірінші болып есеп ашты. Қарымта допты бірінші таймның аяқталуына 5 минут қалғанда Жұмажан Мұсабеков соқты. Бұл есеп ойынның екінші жартысында да өзгеріссіз қалды. Енді «астаналықтар» келесі ойынын 24 қаңтарда өткізбек.