20 қарашаға дейін жалғасатын халықаралық турнирге Қазақстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Чехия, Эстония және Словакия елдерінің теннисшілері қатысады.
Турнирдің негізгі сетінде ел намысын Данил Браун мен Дмитрий Макеев қорғамақ. Сонымен қатар Қазақстан атынан Сержан Есенбеков, Айдынбек Рақышев, Қайрат Көшеров және Алексей Кедрюк жарыс жолына шығады.
Халықаралық турнир «Дәулет» ұлттық теннис орталығының жабық кортында өтеді.