Астана халықаралық әуежайы қала меншігіне өтті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Terminals Astana Airport Management LLP араб компаниясымен жасалған сенімгерлік басқару шартының мерзімінің аяқталуына байланысты "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ акцияларының 100 пайызы Астана қаласының коммуналдық меншігіне өтті", - деп жазылған хабарламада.

2025 жылдың 7 қаңтарында мерзімі аяқталған сенімгерлік басқару шарты 2023 жылдың 7 қарашасынан басталған.

Елордалық әуежай акцияларының иесінің өзгеруін ескере отырып, қазіргі уақытта елорда әкімдігі мен "Terminals Astana Airport Management" ЖШС арасында сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасуға дайындық жүріп жатыр.