«Астана кештері» дүркіреп өтті


Астанадағы мына зәулім сарайға 3 күннің ішінде 5 мыңға жуық көрермен келіпті. Олар Ресей, Әзірбайжан мен Италияның атақты орындаушылары және отандық әншілердің өнеріне тәнті болды. Ал, өнер майталмандары 5 бірдей концерт берген. Орындаушылардың барлығы жанды дауыспен түрлі жанрдағы әндерді нақышына келтіре орындады. Қайырымдылық шарасы болғандықтан, ұйымдастырушылар көбіне мүгедектер, ардагерлер, әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларын шақырған. Концертке тегін кірген жұрт бір уақыт джаз , классика мен эстраладық әндерден әсер алып қайтты.