Астана халқы 835 мың адамнан асты

  20 мыңнан аса адамға көбейді, деп хабарлады Астана әкімшілігінің баспасөз қызметінен.

Бейсенбіде таралған ақпаратқа қарағанда, қазір есептегі адам саны қалада 835 мың 153 адам, оның ішінде аудандар бойынша алар болсақ "Алматы" – 375 мың 938 (45%), "Есіл" – 119 мың 929 (14,3%), "Сарыарқа" – 339 мың 286 (40,6%) адам.

Ақпаратқа орай, бірінші жартыжылдықта халықтың табиғи өсімі 9831 адамға жеткен,миграциялық өсімі – 10887 адам.


Тұтас алғанда Астанада қаңтар-маусым айларында 11,6 мың бала туылған, бұл өткен жылдың осы кездегі мерзіміне қарағанда 9,7% артық.