Астана Халықаралық әуежайының маңында жиналған су деңгейі 8 сантиметрге дейін төмендеді. Төтенше жағдайлар комитетінің жедел құтқару тобы тексеріп, осындай қорытынды жасады. Сондай-ақ судың әуежай аумағы мен ұшу алаңына еш қауіптің жоқ екендігі расталды. Еріген қар мен жаңбыр салдарынан жиналған су арналар арқылы тартылды. Қазіргі кезде 13 маман су деңгейін бақылауда.