Астана халықаралық форумы – әлемдегі жағдайды ашық талқылау – Қасым-Жомарт Тоқаев

Астана халықаралық форумында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы форумның негізгі миссиясына тоқталып, басымдықтарды атап көрсетті, деп  Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

"Астана халықаралық форумы – бұл диалог алаңы. Оның негізгі миссиясы мынадай: Бірінші, әлемдегі жағдайды ашық талқылау; Екінші, алдымызда тұрған негізгі сын-қатерлер мен дағдарысты айқындау; Үшінші, осы сын-қатерлерге өзара ынтымақтастық рухында диалог арқылы қарсы тұру;Төртінші, көпжақты қатынастардың ортақ мәдениетін жаңарту және қалпына келтіру; Бесінші, бейбітшілікті, прогресс пен ынтымақты жақтайтын дауыстарды күшейту.

Бұл форум өзара белсенді ынтымақтастыққа тікелей ықпал етеді. Әсіресе бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс кезеңінде бізге мұндай қарым-қатынастар өте қажет",– деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сын-қатерлерге төтеп беру маңызды екеніне тоқталды. 

"Геосаяси қысымдар бір-бірімізді алшақтатып жатқанда біз бірігуге, ықпалдасуға, ынтымақтасуға, өзара қол ұшын созуға деген анық императивпен бетпе-бет келеміз", – деді президент.

Сол себепті Астана халықаралық форумы қалыптаса басиаған осы үрдістің алдын алу үшін тағы бір мүмкіндік береді.


Мемлекет басшысы тек кездесу, кеңесу, сондай-ақ өзара адалдық таныту арқылы ғана халықаралық қоғамдастық біздің проблемаларымызға, шаруаларымыз бен үмітімізге қатысты мәселелерді шеше алатындығына бас назар аударып, тек сонда ғана ғана ортақ болашағымызды қалыптастыра алатынымызды айтты. 

"Қазақстан бұрыннан Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы алтын көпір саналады. Көп жағдайда бұл форум ұлы Еуразия даласының мәдениетіне, тарихына сай келеді. Біз осынау мұрамызды мақтан тұтамыз. Дәл осы үздіксіз тауар, мәдени жетістіктеріміз бен идея алмасу арқылы Қазақстанның өзіндік ұлттық бірегейлігі және оның ерекше көпжақты ынтымақтастыққа негізделген бренді қалыптасты. Геосаяси қиындықтарға қарамастан, Қазақстан Орталық Азияда да экономикалық локомотив қызметін атқарып отыр. Біз шетелден кең көлемде инвестиция тартуды жалғастырамыз және Қазақстанда бизнес жүргізу үшін барынша жағдай жасаймыз", – деді Мемлекет басшысы баяндамасында.