Бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында «Астана ханымы» байқауының директоры Динара Сатжанова конкурс жайында ақпарат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанда ең алғаш рет бұл конкурс 2008 жылы ұйымдастырылған болатын. Биыл 2-ші рет ұйымдастырғалы отырған конкурс 2 күннен кейін, тамыздың 26-да елордадағы «RIXOS» қонақ үйінде өтеді.
«Барлығы 16 қатысушы, олардың ішінде ең жас қатысушы - 24-те, ең ересегі 39 жаста», дейді Д. Сатжанова.
«Бұл конкурсқа қатысушылар арасында 2 тележүргіуші, 3 журналист, 2 іскер әйел, Бас прокуратура, банк қызметкері бар. Биылғы конкурсымыз қызықты өткелі отыр. Өйткені, ең алғашқы конкурста қатысушылардың жұмыс істеу- істемеуі маңызды емес еді. Ал, биыл керісінше, келіншектеріміз міндетті түрде қызметте болуы керек», деп атап көрсетті ол.
«Астана ханымы» байқауында жеңіске жеткен қатысушы тамыздың 16-сы күні Алматыда Қазақстан ханымы байқауында елорда атынан сынға түседі. Онда елдің аймақтарынан іріктелген арулар арасынан 3 жеңімпаз анықталады және олар Сеулде өтетін «Әлем ханымы» байқауына аттанады.
Байқау барысында қатысушы лар 10 минут ішінде тамақ дайындап, балаларына, күйеуіне көңіл мен күтім көрсете білуі шарт. Сонымен қатар оның өнерге деген бейімі ерекше назарға алынады.
Конкурстың мақсаты - қоғамда отбасы мен әйелдердің мәртебесін көтеру.