Астана, Көкшетау, Қызылжар халқына бірнеше күн су болмайтыны жайлы жалған хабарлама таратылуда

Бір қызығы, әлгі смс хабардың соңында «бұл ақпаратты міндетті түрде таныс-туыстарыңа таратыңдар»  деген ескерту де жазылған.  Бұған сенген Петропавлдағы   90 мыңнан астам тұтынушы  судың бірнеше күндік қорын жасап әлек.  Жыл сайын қалалық желілерді жуып-шаю үшін екі күнге су  беру тоқтатылатыны рас. Бірақ бұл шара биыл қыркүйекке жоспарланған екен.

Азамат Әсіреев,   «Қызылжар су» ЖШС  диспетчерлік қызметінің басшысы:

- Тұрғындар дүрлігіп,  тыныштық бермей жатыр. Біздің диспетчерлер халықтан түскен қоңырауларға  жауап беріп үлгере алмауда. Бұл – алаяқтардың қастық әрекеті. Қазір біз  ішкі істер органдарына  осы мәселеге қатысты  шағым түсірдік.    

Loading...