Vesti.kz хабарлағандай, 47 жастағы француз ралли-марафонында 11-інші рет жеңімпаз атанып, өзінің рекордын жаңартты. Алғашқы 6 жарысты Петерансель Yamaha мотоциклінде, ал қалғандарын Mitsubishi және Mini көліктерімен жеңді.
Жеңімпаздың жалпы уақыты 38 сағат 32 минут 39 секундты құрады. Мәреге екінші болып одан 40 минуттан сәл астам уақытқа кешіккен оңтүстікфарикандық Жиньель Де Вильер («Тойота») жетті. Үшінші орын ресейлік Леонид Новицкийде («Mini»).
Mebar M440 көлігін басқарған қазақстандық экипаж - Бауыржан Исабаев пен Дмитрий Югай «Дакарды» 66-ыншы орында аяқтап, француздан 30 сағатқа жуық уақытқа жеңілді.
Еске салайық, 34-інші трансқұрлықтық ралли-марафон бесінші рет Оңтүстік Америкада өтті. Қатысушылар жарысты Перу астанасы Лимада 5 қаңтар күні бастады, үш мемлекет - Перу, Аргентина және Чили бойынша өткен жарыс жолының 14 кезеңін еңсергеннен кейін, Чили астанасы Сантьягода мәреге жетті.