Vesti.kz сайтының хабарлауынша, төртінші нөмермен жарыс жолына шыққан Украина чемпионы 7 минут 28 секунд уақыт көрсетіп, жарыс көшбасшыларының қатарына шығуға бірнеше мәрте мүмкіндігі болған. Дегенмен жарыс қорытындысында RadioShack-Nissan командасының мүшесі швейцарлық Фабиан Канчеллара үздік танылды. Ол 6,1 шақырымдық жолды 7 минут 13 секундта жүріп өтті. Екінші болып жеңімпаздан не бәрі 7 секунд қалып қойған Sky Procycling командасындағы британдық Брэдли Уиггинс келді. Жеңімпаз үштікті Omega Pharma-Quickstep командасының велошабандозы француздық Сильвен Шаванель тұйықтады.
«Тур де Франс-2012» бастапқы кезеңінің нәтижесі
Жеке жарыс. Льеж, 6,1 шақырым:
1. Фабиан Канчеллара (Швейцария, RadioShack-Nissan) - 0:07:13;
2. Брэдли Уиггинс (Ұлыбритания, Sky Procycling) +0:00:07;
3. Сильвен Шаванель (Франция, Omega Pharma-Quickstep) +0:00:07;
4. Тиджей ван Гардерен (АҚШ, BMC Racing Team) +0:00:10;
5. Эдвальд Боассон Хаген (Норвегия, Sky Procycling) +0:00:10;
...
10. Андрей Гривко (Украина, Pro Team Astana) +0:00:15;
32. Янец Брайкович (Словения, Pro Team Astana) +0:00:22;
66. Александр Винокуров (Қазақстан, Pro Team Astana) +0:00:26;
71. Фредрик Кесьякофф (Швеция, Pro Team Astana) +0:00:26;
102. Максим Иглинский (Қазақстан, Pro Team Astana) +0:00:32;
125. Дмитрий Фофонов (Қазақстан, Pro Team Astana) +0:00:36;
135. Борут Бозич (Словения, Pro Team Astana) +0:00:38;
141. Андрей Кашечкин (Қазақстан, Pro Team Astana) +0:00:39;
152. Роберт Кисерловски (Хорватия, Pro Team Astana) +0:00:42.