Астана көпіріндегі жол апатында жас жігіт көз жұмды

Полицияның мәліметінше, жол-көлік апаты 25 қаңтар күні сағат 21:30 шамасында болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарайшық көшесіндегі М-1 көпірімен келе жатқан «ВАЗ-21140» автокөлігі мұзда тайғанап, қарсы бағыттағы жолға шығып кетеді. Салдарынан Toyota Camry маркалы автокөлікпен соқтығысады.

«Жол-көлік апаты салдарынан 23 жастағы жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды. Toyota көлігінің 31 жастағы жүргізушісі мен оның 6 жастағы жолаушысы дене жарақатын алғандықтан ауруханаға жеткізілді», - делінген ІІД баспасөз хабарламасында.


Аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қажетті экспертизалар тағайындалды.