Астана күніне арналған мерекелік шаралар отшашумен қорытындыланды

Бірер сәт бұрын Есіл өзенінің жағасында мерекелік отшашу болды. Мұндағы отшашу көлемі жағынан ең үлкені деп есептеледі. Себебі, ол 10 минутқа созылды, әрі 15 мың рет дүркіреп атылады. Отшашуды елорданың барлық бөлігінен тамашалау мүмкін болды. Себебі, қала бойынша 5 жерде, нақтырақ айтқанда, Есіл өзенінің жағалауы мен Ақбұлақ шағынауданында, «Хан Шатыр» сауда-саттық және ойын-сауық орталығының жанындағы алаңда және Абылайхан даңғылы мен Пушкин көшесі қиылысындағы саябақта, теміржол вокзалының маңындағы «Жас батыр» стадионында өтті.