Сондықтан шілденің 5-6-7 аралығы демалыс. Осылайша тұрғындар мен қала қонақтары 3 тәулік думандата алады. Ал Елорданың өзінде той тойлау маусымның жиырмасынан басталып кетті. Биыл бас шаһардың туған күнін атап өтуге бюджеттен 700 миллион теңге бөлінгенін айта кетейік. Мейрамда әлемдік деңгейдегі әншілер мен отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.