Caravan Logo

Астана күніне орай отшашу бола ма?

Астана күніне орай отшашу бола ма?

Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап. 

 Әкімдік мәліметінше Астананың 25 жылдығына орай 100-ден аса іс-шара өткізу жоспарланып отыр екен

Биыл қала күніне орай отшашу болмайды. Алайда, қаланың 25 жылдығына орай 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарлануда. Оның 90-ға жуығы - елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары үшін тегін, – деп жауап берді әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар мереке күндері бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуы, соның ішінде оқушылар сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер ашылып, үлескерлерге пәтерлердің кілттері табысталады. 


Айта кетейік, Астана күніне орай қазақстандықтар 6, 7, 8 және 9 шілдеде демалады.