Астана маңында екі апта бұрын жоғалған 18 жастағы қыз әлі табылмады

2000 жылы туған Назима Вохоббойеваның суреттері мен сипаттамасын әлеуметтік желіде жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз Жібек жолы ауылында тұрамыз. Сол күні оның көңіл-күйі жақсы болатын, шамамен сағат 15:30-да ол нан алуға дүкенге кетті. Осыдан кейін ол туралы хабар жоқ", - дейді жоғалған қыздың әпкесі Камила. 

Әпкесінің айтуынша, қыз бала ешкімге ескертпей ешқашан ұзақ уақытқа кетпеген, үйден қашпаған екен.  

Біз облыстық ІІД-ге және Астанаға да хабарладық. Әзірге ешқандай мәлімет жоқ", - деді Камила. 


Аршалы аудандық ішкі істер бөлімі қыз баланың іздестіріліп жатқанын және іс қозғалғанын мәлімдеді. Қалған мәлімет тергеу құпиялылығына байланысты айтылмады. 

Қыздың бойы 170-175 сантиметр, арықтау келген, шашы ұзын. Көк түсті шалбар киген, үстінде ақ кеудеше болған.