Caravan Logo

Астана маңындағы орманды алқаптан адамның мүрдесі табылды

Астана маңындағы орманды алқаптан адамның мүрдесі табылды

Ақмола облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчуктің мәліметі бойынша, адамның мүрдесін Астана қаласының тұрғыны тамыздың 17-сі күні кешкі сағат 19:00-дер шамасында «Астана-Қостомар» тасжолының бойындағы орман алқабында көрген. Кейін дереу Аршалы аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне хабарлаған.

«Қазіргі кезде, мүрденің кім екенін анықтау мақсатында соттық медициналық сараптама тағайындалды», - деп түсіндірді Гүлнар Пинчук.