Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астана қаласында Абай даңғылы мен Бейсекбаев көшелерінің қиылысында 7 қазан күні сағат 10.04-те "Тойота" және "Фольксваген" көліктері соқтығысты.
Апат салдарынан "Фольксваген" жүргізушісі мен оның жолаушысы ауруханаға жатқызылды.
Сонымен бірге, Алматы облысының Панфилов ауданында Жаркент - Леснова тас жолының 7-ші шақырымында 7 қазанда сағат 03.00-де "Тойота" көлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды.
Соның салдарынан 37 жастағы көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, оның екі жолаушысы ауруханаға жатқызылды.