Латын Америкасы (ЛА) елдерін Қазақстан үшін жаңа туристік, экономикалық және саяси әріптес ретінде таныстыру мақсатында ұйымдастырылып отырған апталық, Астана мен Алматы қалаларында бір мезгілде өтеді.
Шара Америка-Азия іскерлік ықпалдастық қауымдастығының бастамасымен және Қазақстан Республикасындағы Чилидің Құрметті консулдығының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Бұл күндері Астанаға ЛА елдерінен белді саясаткерлер, ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлері келеді.
Апталық екі ел бизнесмендерінің ғылыми-практикалық конференциясынан басталады. «Оның ішінде Чили консулдығы 10 сағаттық айырмаға қарамастан, қыркүйектің 26-сынан 27-сіне қараған түні Чилидің жергілікті уақыты бойынша сағат 12.00-де, Ал Астана уақытымен таңертеңгі 10-да ҚР Ұлттық академиялық кітапханада екі жақ бизнесмендерімен, заңгерлерімен және кәсіпкерлерімен видео- конференция өткізеді. Және ол тек баяндамалар оқылу үшін ғана емес, екі ел экономикасына маңызды деген салалар бойынша келіссөздер жүргізу үшін ұйымдастырылуда», - деді ол.
Мәселен, бүгінгі күні Чили жер қойнауын өндіру саласында көшбасшы болып табылады. Сонымен бірге, елде медицина саласы мен әлеуметтік және зейнетақы жүйелері жақсы дамыған. Құрметті Консулдың сөзіне қарағанда, Чилидің де Қазақстанның инвестициялық жобаларына қызығушылығы жоғары.
Сонымен бірге, апталық шеңберінде ЛА елдерінің туристік әлеуетін таныстыру және бұл елдердегі дайын бизнесті сатып алу жолдары жайлы шеберлік-сабақтар; ЛА мемлекеттері ұсынып отырған тауарлармен және қызметтермен таныстыратын көрме; Нобель сыйлығының иегері, мәдениет қайраткері Пабло Нерудоның шығармашылығы жайлы дәрістер және Бақыт Рүстемовтың ЛА туралы қазақ тілінде жазған «Күрес пен жеңіс» атты кітабының таныстырылымы өтеді.