Астана мен Алматыда болған екі жол апатында үш адам қаза тауып, тоғыз адам жарақаттанды

Ақпарат бойынша," Сарыарқа саябағы ауданындағы Победа мен Сейфуллин даңғылының қиылысында сәрсенбі күні таңертең "Мазда-626" мен "ВАЗ-21093" автокөліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан "Жигули" жүргізушісі және оның екі жолаушысы сол жерде көз жұмды, "Мазданың" екі жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді".

Ал, Алматыда жуырда кешкісін болған жол апатынан жеті адам зардап шекті. "Рыскулов пен Ахрименко көшелерінің қиылысында үш автокөлік соқтығысты: екі "Мерседес" және "Тойота". Жол апаты салдарынан үш жүргізуші мен төрт жолаушы, араларында алты жасар қыз бар, түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді",-деп хабарлайды ақпарат көзі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті