Астана мен Алматыда Германияның Қазақстандағы жылының қорытынды шаралары өтеді

Бұл туралы Германияның Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, 3 желтоқсанда - Астанада, 4 желтоқсанда Алматыда орган музыкасының қорытынды концерті өтеді. Сондай-ақ бұл күні Алматыдағы Қазақтың Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясында «Заманауи Қазақстан» көшпелі көрмесі ашылады. 4 желтоқсанда сонымен бірге Алматыда «АRTиШОК» театры неміс тілінде жазатын танымал драматургтердің бірі Дэа Лоэрдің «Рузвельт алаңындағы өмір» пьесасын қазақстандық көрерменге ұсынады. Спектакль «Hyatt Regency Almaty Rachat Palace» қонақүйінің «Euphoria» клубында болады.