ТЖМ мәліметінше, 9 маусымда 15 сағат 40 минутта Астанада "Вагон жөндеу зауыты" АҚ-ның аумағында екі метрлік кәріз траншеясын қазу кезінде топырақ опырылды. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, опырылған топырақ жұмысшыны басып қалу салдарынан ол оқиға орнында қаза тапты.
Сонымен бірге, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 9 маусымда 17 сағат 15 минутта 9 қабатты тұрғын үй құрылысы нысанында ғимараттың сыртқы өң бетін қаптау жұмыстары кезінде "Астана Құрылыс" АҚ-ның бір жұмысшы арматурщигі 6 -қабаттың биіктігінен құлап қаза тапты.