Астана мен Алматыда жүргізушісіз көліктер жүретін болады 

Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мәлім етті, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап .

Елімізде жүргізушісіз көліктерді сынақтан өткізу басталады.

Қалалық мобильдік пен логистика бағытында бірқатар инновациялық жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Атап айтқанда, Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысының аумағында пилоттық режимде жүргізушісіз такси жобаларын іске қосу жоспарлануда. Ұзақ мерзімде қарастырсақ бұл бағыт цифрлық экономиканың жаңа сегментін қалыптастырып, бюджетке қосымша қаражат әкелуге мүмкіндік береді, - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жүргізушісіз такси іске қосылатынын хабарлаған болатынбыз.