"Қаланың іргесіндегі аумақтар бірлескен бағдарлама бойынша кешенді дамуы қажеттігі жөнінде Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовпен келісімге келдік", -деді А.Рау.
Оның айтуынша, құжат қазір жасала бастаған. "Мұнда тұрғын үй құрылысы, демалыс нысандары мен өндіріс орындарын орналастыру жайы толық қарастырылады", - деді ол.