Астана мен Ақмола облысында есірткі саудасымен айналысқан топ құрықталды

Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, топ мүшелері заңсыз айналымдағы героинді табыс көзіне айналдырған.

Арнайы операция барысында олардан 600 грамнан астам героин тәркіленді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.