Астана мен Бішкек Орта Азия елдері Одағының құрылуын жақтайды

"Әңгіме Орта Азия елдерінің Одағын құру жайында болды. Біз бұл мақсатқа саты-сатымен баруымыз керек", - деді Н. Назарбаев.

"Біз осы мәселе бойынша 2009 жылы арнайы халықаралық форум өткізуге уағдаластық", - деп толықтырды ол.

"Қырғызстан Қазақстанның осы бастамасын қолдайды. Бұдан Орта Азияның барлық елдері де ұтады. Менің бұған күмәнім жоқ", - деді Қырғызстан президенті Қ. Бакиев.

"Орта Азияның бес мемлекеті экономикалық даму және жалпы даму векторы бойынша әрқилы. Бірақ мен бұл елдердің экономикалық одағы жайында айтып отырмын. Өңір өзін-өзі газбен, мұнаймен, көмірмен қамтамасыз ету үшін жеткілікті энергия ресурсына ие", - деді Қазақстан президенті.

"Қарапайым адамдарға еркін жүріп тұрып, қажет болған жерде жұмыс істеу үшін шекаралар ашылады. Капитал еркін айналады. Үлкен мүмкіндіктер ашылады", - деп есептейді Н. Назарбаев.