Астана мен Бішкектегі кездесулер қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты қарым-қатынастарға жаңа серпін береді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

Мемлекет басшылары Астана мен Бішкектегі кездесулер қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылап, бұның екіжақты қарым-қатынастарға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев Бішкекте жоспарланған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесі отырысының негізгі мәселелерін де қарастырды.


Сонымен қатар, тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары туралы әңгімелесті.