Жеребе бойынша «Астана» мен «Хапоэль» футбол клубтары арасындағы жарыс Тель-Авивте өтуі тиіс болатын, деп хабарлайды елордалық клубтың баспасөз қызметі.
«Израильдегі саяси ахуалға байланысты УЕФА аталған жұптың алғашқы матчын Тель-Авивте емес, Астанада өткізу туралы шешім қабылдады. Матчтың нақты қай жерде өткізілетіні әзірге белгісіз», - делінген хабарламада.