Бұл туралы Қазғарыш баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметі арасында ғарыш кеңістігін зерттеу және бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасына қол қоюға дайындық аяқталды. Келісімге 2015 жылдың екінші жартысында қол қойылмақ», - делінген баспасөз қызметінің бүгінгі хабарламасында.
Өткен апта соңында Астанада ғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелерін пысықтау жөнінде қазақ-белорусь жұмыс тобының отырысы өтті.