ТЖМ мәліметінше, 8 маусымда 15 сағат 31 минутта Астанада 9 қабатты үйде өрт шықты. Өрт салдарынан 100 адам сыртқа шығарылды. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, екі адам ауруханаға жатқызылды. Өрт ҚР ТЖМ-нің 53 адамы мен 12 арнаулы техникасының көмегімен 16 сағат 37 минутта сөндірілді.
Сонымен бірге, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін түнде 2 сағат 11 минутта Орал қаласында 9 қабатты үйде өрт шықты. Соның салдарынан 70 адам басқа сыртқа шығарылды. Өрт ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 20 адамы мен 5 арнаулы техникасының көмегімен 03 сағат 27 минутта сөндірілді.