Астана мен Пекин әріптестік қарым-қатынас туралы келісімге қол қойды

Келісімге Пекиннің вице-мэрі Лу Хао мен Астана қаласы әкімінің орынбасары Болат Смағұлов та қол қойды.

"Бұл келісім өзара қарым-қатынасымызды әйгілеуге негіз болатын база болмақ. Біздің кездесулеріміз бізге етене жақын байланыс орнатуға мүмкіндік береді",- деді А.Мамин.

Сондай-ақ, бүгін Қытай Коммунистік партиясының орталық комитеті саяси бюросының мүшесі Лю Циді Астанадағы резиденциясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады.

"Президент Қытай мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың дамуына, соның ішінде партияаралық байланысқа жоғары баға берді Біз өзара мәдени, экономикалық ынтымақтастығымызды жан-жақты дамытып, екі елдің астаналары арасындағы байланысты бекіте түсеміз",- деді Лю Ци кездесуден кейінгі брифингте.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті