Өйткені, алаңда жеңімпаз болуға басты үміткерлер «Астана» мен «Қайрат» командалары кездескен болатын.
Әуелі 11 минутта Георгий Жуков есеп ашты. Тоғыз минут өткенде «қайраттық» Жерар Гоу есепті теңестірді. Ал 37 минутта Бауыржан Исламхан өз командасын алға шығарды. Елордалық команданың жартылай қорғаушысы Неманья Максимович есепті теңестіре білді. Сөйтіп, екі команда 2:2 есебімен 15 минуттық үзіліске шықты. Ойынның екінші таймы да тартысқа толы болды. 67-ші минутта тағы да Жерар Гоу гол соғып, «Қайрат» командасын алға шығарды. Екі минут өткенде Бауыржан Жолшиев есепті теңестірді. Ал ойынның 82-ші минутында Елорда командасының шабуылшысы Таңат Нөсербаев жеңіс голын соғып, ойын нәтижесін 4:3 есебімен түйіндеді.
8-тур ойындарынан кейін 15 ұпай жинаған «Астана» командасы көш бастады. 14 ұпайлары бар «Қайрат», «Ақтөбе», «Ордабасы» командалары турнир кестесінің сәйкесінше екінші, үшінші, төртінші орындарына жайғасты.