«5 қазанда қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот алды тергеу жүріп жатыр. Оған негіз ІІД ҰҚКБ баянаты болды, - деді ол. - 4000-ға жуық шарт анықталды. Оның бәрін тексеру қыруар жұмыс. Айналымның қалай, шығынның қанша болғанын қазір айта алмаймыз. Қазір салынған қаражат тағдыры нақтылануда».
«Прокурордың айтуынша, төрт есепшот тексерілді, - деп атап өтті ол. - жұмыс әлі жүргізілуде. Шетелдік есепшот болған-болмағаны тексерілуде. Ақшаны республикадан тыс жерге шығару мүмкіндігі тексерілуде».
Тергеу тобы Қарағандыда Optovka фирмасының екі кеңсесінен, Астанада бір кеңседен құжаттар мен ақша тәркіледі. «Теміртауға үлгермедік, біз келгенде кеңседе түк болмды», - деп қосты Тілешев. Майқұдық кеңсесінде 1 млрд теңгеге 2000 шарт ресімделгені белгілі болды. Тергеу әзірге пирамиданың ақшасы қайда құйылғанын анықтап болған жоқ.
«Сұрақ-жауап кезінде «ФинансОптоГрупп» директоры Елена Колесникова ақша бір бизнеске аударылғанын айтты: жөндеу, такси, белгілі бір жобалар. ЭКСПО жайында айтты. Мұның барлығы тексерілді. Қазіргі сәтте олардың осы қай қызмет түрімен айналысқанын растайтын құжаттар жоқ, бәрі тек сөз күйінде», - деп түсіндірді прокурор. Ол кәсіпкердің тек Lexus маркалы көлігі ғана тұтқындалғанын айтты. Меншігі анықталмады. Күдікті ұзақ уақыт жалдамалы пәтерде тұрған. Бұдан басқа, фирма басшысының адвокатына ақшаны салымшылар жинап жатқаны белгілі болды.