Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқасы мүшесі Даниал Ахметов мәлім етті.
«Біртұтас экономикалық кеңістікте транспорт-логистика орталығы, әуежайлары, хабтары, оларды жүрдек автокөлік және темір жол магистральдарымен байланыстыратын орталықтары бар мультимодальды транспорт жүйесі болады», - деді ол бейсенбі күні Астанада халықаралық «ТрансЕвразия-2014» конференциясында.
«Атап айтсақ, Минск-Мәскеу-Астана-Алматы бағытына салынатын жылдамдығы жоғары жаңа темір жол желісі авиациялық тасымал хабтарының жаңа желісін құруға мүмкіндік береді. Мәселен, Қазан мен Астана халықаралық транзиттік қатынастарды қамтамасыз ететін авиациялық хабқа айналуы мүмкін», - деді министр.
«Қазандағы хабтың қызметін Ресейдің орталық бөлігінің тұрғындары пайдалана алады. Ал, Астана – Қазақстан, Оңтүстік Орал және Батыс сібірдің жолаушы тасымалдау проблемасын бір мезетте шешіп беретін тамаша тасымал торабы», - деп қосты Д.Ахметов.